Шымкентте "Жолың болсын, жас түлек" шарасы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара Шымкент қаласының орталық «Aqmeshit» мешітінде өтті, деп хабарлады жемқорлықтың алдын- алу басқармасының баспасөз қызметі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық білім басқармасының, БАҚ өкілдері мен жас түлектер қатысты.
Іс-шараға қатысушылар өмірдегі қызықты сәттері мен қызметтегі іс-тәжірибесімен бөлісіп, жас түлектерге алдағы тестілеуден сүрінбей өтулеріне тілек білдірді.
Іс-шараға қатысушылар өмірдегі қызықты сәттері мен қызметтегі іс-тәжірибесімен бөлісіп, жас түлектерге алдағы тестілеуден сүрінбей өтулеріне тілек білдірді.
"Сонымен қатар, әрқашан елге адал қызмет етіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жайы да айтылып өтті. Кездесу аясында сынақ алдында тұрған түлектерге рухани қолдау көрсетіп, қиындыққа қарсы тұруға, сәтсіздіктер мен қателіктерге күйреп түспей, сабырлыққа үйрету мақсатында бірқатар кеңестер берілді", - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отандық жеңіл атлеттер Халықаралық турнирден 18 медаль еншіледі
Өзгелердің жаңалығы