Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған аудан әкімдігі мен басқарма есепшісі сотталды

Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржыны қалтаға басқан есепшілер сотталды. Анығырақ айтсақ, аудан әкімдігі мен басқарма бухгалтерлері бюджеттің 99 миллион теңгесін жымқырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Almaty.tv-ның мәліметі бойынша айыпталған қос азаматша енді алдағы 7 және 8 жылын темір торда өткізеді, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылмақ.

Асанова мен Бесбаева жалған бухгалтерлік құжат негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударуды жүзеге асырды. Сондай-ақ 2023 жылдың ақпан-желтоқсанында нақты жұмыс істемеген тұлғаларға жалақыны жүйелі түрде аударып отырды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы