Шымкентте жол ережесін бұзған кортеж қатысушылары көлік жүргізу құқығынан айырылды
Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушылары көлік жүргізу құқығынан айырылды Шымкентте кортеж қатысушылары жол ережесін өрескелбұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz с3лтеме жасап.
Мегаполис көшелерінің бірінде болған “форсаж қойылымын” ПД-ның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары түсіріп алған. Автожолдағы жастардың қауіпті көңіл көтеруін ЖБО инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полицейлер тоқтатты.
Қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Осылайша, автожолдағы мақтанудың соңы олар үшін алты айға көлік басқару құқығынан айырылумен аяқталды.
Полиция қызметкерлері ескертеді: жол қателікті кешірмейді! Жол қозғалысы ережелерін жиі бұзудың соңы ауыр зардаптарға әкеледі. Жолдағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол ережелерін қатаң сақтаңыздар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық спортшы үстел теннисінен Словенияда чемпион атанды
Өзгелердің жаңалығы