Кеше 2026, 20:57 Фото: pexels.com

Шымкентте жоғары сынып оқушысы 5-сынып баласын соққыға жыққаны видеоға түсіп қалды

Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Шымкент қаласында мектеп оқушысына жасалған шабуыл бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, оқиғаға 10-сынып пен 5-сынып оқушылары қатысқан. Олар бір аулада тұратын көршілер екені анықталды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал алдымен ауызша кикілжіңнен басталған. Кейінірек жоғары сынып оқушысы кіші сыныптағы баланы көшеде кездестіріп, оған күш қолданған.

Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кәмелетке толмағанның ата-анасы баланы дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды, - деп хабарлады Шымкент қаласының Полиция департаменті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскемен қаласында қоғамдық көлікте орын алған жағымсыз жағдай қоғам наразылығын тудырды. Ер адам оқушы қыздарға тиісіп, жанжал шыққан.