9 Шілде 2026, 18:19
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Шымкентте жиһаз цехы толықтай жанып кетті
Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде 1 қабатты жиһаз цехының ғимараты толықтай ашық жалынмен жанып жатқандығы анықталды.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, шұғыл түрде өрт оқпандары берілді.
Ресми мәліметке сүйенсек, өрт 1 қабатты жиһаз цехында және оның жанында жапсарлас орналасқан дүкеннен шыққан.
Өртті сөндіру барысында жиһаз цехы ғимаратының шатыры опырылып түсті. 112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД 58 жеке құрам мен 22 бірлік техника жұмылдырылды.