4 Тамыз 2026, 07:12 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Шымкентте жеңіл автокөлік түгі қалмай жанып кетті

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Мамытов көшесінде жеңіл автокөліктен өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде толық сөндірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ автокөліктердің техникалық жай-күйін тұрақты түрде тексеріп отыруға шақырады.