31 Желтоқсан 2024 2024, 22:17 Фото: видеодан кадр

Шымкентте жеңіл автокөлік өртеніп, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Шымкентте құтқарушылар жеңіл көліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Шымкентте құтқарушылар жеңіл көліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Еңбекші ауданында жол-көлік апаты салдарынан жеңіл көліктің жанған.

ТЖМ күштерімен өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.