Шымкентте жекеменшік мектеп директоры бюджет қаржысын жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жекеменшік мектеп ашқан директор жан басына қаржыландыру бағдарламасы арқылы жалған есеп жүргізіп, бюжет қаржысын жымқырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

2019-2020 оқу жылында мыңдаған оқушыны тіркеп, жеңіл жолмен ақша тапқысы келгендердің қатарында білім басқармасының екі қызметкері бар. Олардың бірі өз ісіне салғырттық танытса, екіншісі жемқорлыққа жол бергені үшін 3 жылға сотталды. Ал жекеменшік мектептің құрылтайшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Әл-Фараби аудандық соты мемлекет қазынасына 123 миллион теңге шығын келгендігін айтты.

Айкөзов білім басқармасының бас маманы бола тұра, Дүйсенқызынан 2 млн теңге пара алған. Оқымаған оқушыларға оқыды деп қол қойған. Ал білім басқармасы басшысының орынбасары Текебаеваға үкім салғырттық бабы бойынша шықты. Яғни салғырттық ҚК 371 бабы бойынша, – деді әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы