Шымкентте «Жасыл ел» маусымының жабылу салтанаты өтті
Көрме орталығында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының қолдауымен және «Алтын Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мерекелік кеште қаланы тазалауға атсалысып, абаттандыруымен айналысқан жастар марапатталды.
Елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы жастарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Жасыл ел» жобасына 1 500 жастан құралған еңбек жасағы қатысты. Биылғы күз маусымында «Жасыл қала», «Эко-керуен», «Қамқор», «Салауатты ұрпақ», «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы бойынша жұмыстар атқарылды.
Қала жастарын еңбекке баулу арқылы туған жерді қадірлеп, қастерлеуге үйретеміз. «Жасыл ел» бағдарламасы өмір сүріп жатқан ортамыздың тазалығы ғана емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Қаламыздың көрікті болуына тікелей үлестерін қосып жатқан жастардың еңбегі орасан зор. Мұндай еңбек өзінің нәтижесін бермей қоймайды. Сіздер тұрғанда біздің болашағым жарқын, тынысымыз кең болады. Алдыңғы аға-буынның міндеті сіздерді сол іске ынталандыру, жағдай жасау, қолдау көрсету, – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
Айта кетейік, жастардың жұмыс тобы 5 ауданға бөлініп, күніне 4 сағаттан тиімді, пайдалы жұмыстар атқарды. Оның ішінде саябақтарды жапырақтан тазартты. Ардагерлер үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қала аумағында 14 000 көшет егіп, Абай саябағында 5 000 түп шырша отырғызды.