12 Наурыз 2024 2024, 16:08
Фото: pixabay.com
Шымкентте жарық қайта қосылды
Жарықсыз қалған Шымкенттің төрт ауданының үшеуінде электр қуаты қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жарықсыз қалған Шымкенттің төрт ауданының үшеуінде электр қуаты қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Апатты жағдайға байланысты Солтүстік Саяжай, Достық, Нұршуақ, Батыс шағын аудандары электр қуатынан ажыратылған болатын.
Қазіргі уақытта Достық, Нұршуақ, Батыс шағын аудандары электр қуатына қайта қосылды. Солтүстік Саяжайда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы бригада ақауларды ретке келтіру үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген қала әкімдігінің баспасөз хабарламасында.