Шымкентте жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте перзентхананың жанында жарылыс болды. Бір ер адам қаза тапты, деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.
Бүгін күндізгі сағат 12:06-да 102 телефонына Ғ.Иляев көшесіндегі жарылыс туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Келген бойда жарылыс нәтижесінде 138 ауруханааралық дәріхана ғимараты жойылғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс нәтижесінде пайда болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі газдың жиналуынан болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ, - делінген ақпаратта.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Prado мінген мас жүргізуші 30-дан астам қойды қағып өлтірді
Өзгелердің жаңалығы