27 Қаңтар 2023, 11:04 Фото: Otyrar.kz

Шымкентте жарылыс болды

Шымкент қаласындағы жеке үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы жеке үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, Диваев пен Мәделі қожа көшелерінің қиылысында сағат 19:20-да жарылыс болған. Жарылыстың қатты болғанынан, қабырғалар құлап, өрт бүкіл тұрғын үйді шарпыған.

Үйде пәтер иелері — ата-анасы мен төрт баласы тұрған. Әкесі бәрін өрттен шығарып үлгерді. Ал өзін күйік шалып, ауруханаға жатқызды.

Өрттің себебі — сыйымдылығы 50 литр пропан цилиндрінің жарылуы. Құтқарушылар тағы екі газ баллонын өрттен шығарып үлгерді.