20 Қазан 2026, 15:03 Фото: Istockphoto

Шымкентте жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтірген әйелге үкім шықты

Шымкентте әйел адам жанжал кезінде ер адамды өлтіргені үшін сотталды

Шымкентте әйел адам жанжал кезінде ер адамды өлтіргені үшін сотталды. Алқабилердің қатысуымен өткен сот оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Не болды?

Сотта анықталғандай, қайғылы оқиға 2026 жылғы 20 мамырда сағат 13:00 шамасында Самал-3 шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласында болған. Әйел мен ер адам арасында жанжал туындап, сотталушы жәбірленушінің көкірек қуысының оң жағына пышақпен бір рет соққы жасаған. Алған жарақатынан ер адам көз жұмды.

Сот қалай өтті?

Қылмыстық істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен қарады.

Қандай үкім шығарылды?

Алқабилер сотталушының кінәсі дәлелденді деп тапты. Сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталған азаматша жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Бұдан бөлек, сот сотталған әйелден жәбірленуші тараптың пайдасына 20 млн теңге өндіріп алу туралы қаулы қабылдады.

Үкім заңды күшіне енді.