Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Жаңа нысан құтқарушы күні қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндіру мекемесі осындағы 5 тұрғын үй алабын қамтиды. Жергілікті бюджет есебінен салынды. Заманауи техникаларымен жабдықталған. Екі қабатты ғимаратта өрт сөндірушілер үшін барлық жағдай жасалған: оқу сыныбы, демалыс, жатын орын, ас бөлмесі, спорт және мәжіліс залы, техникалық үй-жайлар бар. Сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы мен 100 метрлік кедергілері бар жолақ қарастырылған. 50 өрт сөндіруші қызмет атқарады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында 10 өрт сөндіру бөлімі жұмыс жасауда. Нормаға сәйкес 22 өрт сөндіру бөлімі болуы керек. Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес алдымыздағы екі жылда қала аумағында қосымша 10 өрт сөндіру бөлімін салу жоспарланған. Сонымен қатар Тұран ықшам ауданында биыл жыл басынан тағы бір өрт сөндіру бөлімінің құрылысы басталды, - деді қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы