Бүгiн 2026, 04:27 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкентте жаңа әмбебап жедел қызмет кешені ашылды

Жаңа кешен құрамында №12 өрт сөндіру бөлімі, учаскелік полиция пункті және жедел медициналық жәрдем бекеті бар.

Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында өрт сөндіру қызметі, жедел жәрдем және полиция бөлімшелері біріктірілген төртінші әмбебап жедел әрекет ету кешені іске қосылды.

Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, қала әкімдігі өкілдері және сала мамандары қатысты.

Жаңа кешен құрамында №12 өрт сөндіру бөлімі, учаскелік полиция пункті және жедел медициналық жәрдем бекеті бар. Сонымен қатар қызметкерлерге арналған оқу сыныбы, спорт алаңы, асхана және арнайы техникаға арналған гараж қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, барлық қызметтің бір жерде орналасуы төтенше жағдай кезінде әрекет ету уақытын қысқартып, үйлестіру тиімділігін арттырады. Кешен Бозарықтағы 17 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді.

Бұл – Шымкенттегі осындай төртінші орталық.