Шымкентте жалған полицей ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полицей озбырлығының құрбаны болғаны туралы арызданған, деп хабарлады  Polisia.kz.

Азаматшаның айтуынша, бейтаныс адам өзін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. 

Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін “полицей” әйелден ай сайын оған 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады. 

Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екендігі анықталды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы