Бүгiн 2026, 10:28 Фото: видеодан алынған кадр

Шымкентте заңсыз миграциядан пайда тауып келген қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Шымкентте заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. 28 тінту жүргізіліп, шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, қару және ірі көлемде ақша тәркіленді. 13 адам полицияға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәлім еткендей, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Анықталғандай, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан.

Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеді. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасады.

Тағы оқи отырыңыз:

"Күнделікті табыс" уәдесімен алдаған: "Boxy Wealth" ісі бойынша күдікті қамауға алынды.