17 Қараша 2026, 21:19 Фото: Скриншот

Шымкентте заңсыз кортеж ұйымдастырған бес жүргізуші жауапқа тартылды

Барлық бес автокөлік айыптұраққа қойылды.

Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, заңсыз кортеж ұйымдастырған бес автокөлік анықталды. Оларды Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тіркеген.

Тексеру барысында жүргізушілердің қауіпті маневр жасап, өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіргені және авариялық жағдай туғызғаны белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық бес автокөлік айыптұраққа қойылды.

Полиция өкілдері жолда жарыс ұйымдастыру мен қауіпті маневр жасау адам өміріне қатер төндіретінін ескертеді. Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын сақтауға шақырды.