Бүгiн 2026, 02:48 Фото: polisia.kz

Шымкентте заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шымкентте “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан тұлғалардың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Үш жас жігіт мессенджерлердің бірінде арна құрып, сол арқылы вейп өнімдерін жарнамалап, сатумен айналысқан. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. 

Тексеру барысында заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Тәртіп сақшылары электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.