Шымкентте заңсыз айналымнан 40 қару тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте «Қару» іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 40 қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілер айналымымен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, ескерту және оларды ашу мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара барысында заңсыз айналымнан 40 қару алынған. Оның ішінде 29 қару тәркіленген. Ал 11-і ерікті түрде қабылданған.

Сондай-ақ қала аумағында тіркеуде тұрған 6481 қару иесі тексерілген. Бұдан өзге 63 қару уақытша сақтауға тәркіленіп, 4 қару жоюға жолданған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы