Соңғы тәулікте Шымкентте вирус жұқтырған науқас тіркелмеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
Соңғы бір тәулікте Шымкент қаласында бірде-бір ауру жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Яғни, қалада коронавирус инфекциясының науқастары жоқ деген сөз. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында тек 1 жағдайдан тіркелді. Бұл қуантарлық жағдай. Аталған аймақтардың тұрғындары барлық қауіпсіздік мен санитарлық талаптарын орындап, бір-бірін сақтап жүр дегенді білдіреді. Бұл қала, облыстардың тұрғындары еліміздің басқа аймақтарына үлгі болады деп сенеміз, - деді Бағдат Қожахметов онлайн брифингте.
Айта кетейік, қыркүйектің 11 күнгі мәліметке сәйкес республикада COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың саны 106 661 адамға жеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус. Қазір 4 596 адам ем қабылдап жатыр
Келесі жаңалық
АШМ Агро сақтандыруды дамыту мәселелерін талқылады
Өзгелердің жаңалығы