Шымкентте Ұлттық ұландыктар балтамен қорқытқан тұрғынды ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Ұлттық ұландыктар төбелесіп, балта сілтеген жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Оқиға үстіміздегі жылдың 10 маусымында Шымкент қаласының «Шығыс» шағын ауданында патрульдік қызмет кезінде әскери жасақ екі азаматтың жанжалдасып жатқанын байқайды. Орын алған келеңсіз жайттың себебін білейін деген жасақ жақындаған кезі еді, біреуі екіншісіне қолына балта алып ұмтылды.
Тәртіп сақшылар дер кезде оқиға орынан жетіп балта ұстаған ер адамды қарусыздандырды.
Біз патрульдік бағытты айналып өтіп, екі бейбіт тұрғынның қоғамдық тыныштықты қалай бұзып жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады, араласуға тура келді, - деп жауап береді патрульдік топтың бастығы, аға лейтенант Оразхан Орынбасар.
Аталмыш оқиға бойынша тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Жергілікті тұрғын жанжалдасып, балтасын алып, оны сермеуге кіріскен еді. Егер Ұлттық ұлан сарбаздары уақытында келмесе қақтығыс немен аяқталары белгісіз еді,- дейді куәгерлер.