Шымкентте тұрғын үйден 2 әйелдің мүрдесі табылды

Шымкентте Ерназаров көшесіндегі тұрғын үйден 2 адамның мәйіті табылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үйден 58 жастағы әйел мен 16 жастағы қыз өлі табылды. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша олар газдан уланып, қайтыс болған.

Апат бригадасы газ құбыры мен газ аспаптарын құру дұрыс жүргізілмегенін анықтады. Жуынатын бөлмеде қолдан жасалған жылыту қазандығы орнатылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Өзгелердің жаңалығы