Шымкентте туғанына 10 күн болған сәбидің көзіне ота жасалды
Шала туған шақалақтың көру қабылеті қалпына келтірілді.
Шымкентте дәрігерлер туғанына 10 күн ғана болған сәбидің көзіне ота жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дәрігерлердің мәліметінше, Шымкент қаласында 16 ақпан күні жүктіліктің 26 аптасында дүниеге келген сәби перинаталдық орталыққа ауыстырылады. 790 грамм салмақпен туған нәрестеге 2015 грамға толғанша күтім жасалып, кейін кешенді тексеру нәтижесінде шала тууына байланысты күрделі диагноздар қойылды.
Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы (белсенді кезең, II аймақ, III саты) анықталды. Перинаталдық орталықтың мамандары шақалаққа ретинопатия бойынша хирургиялық ем жасап, операция қалыпты жағдайда өтті, ота кезінде асқынулар тіркелген жоқ, - деп хабарлады Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер дер кезінде ем көрсетілмеген жағдайда сәби көзінің тор қабығында қайтымсыз өзгерістер туындап, көру қабілетінің жоғалу қаупі жоғары болар еді дейді.
Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты. Операциядан кейінгі кезең қалыпты өтуде. Анасымен бірге жалпы бөлімге ауыстырылды, - делінген хабарламада.