Шымкентте Цеснабанк филиалының экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Цеснабанк филиалының бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы BAQ.KZ Оtyrar.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Нұржан Көлбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды, оның сыбайласы Әсел Садықова 7 жылға сотталды.

2017 жылы Нұржан Көлбаев салымшылардың депозиттерінен 445 мың доллар шешіп алып, қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Алайда олар көп ұзамай ұсталды.

Алайда, 2022 жылдың 5 шілдесінде сот прокурордың уәждерін тыңдап, барлық материалдарды зерттеп, оларды ақтайтын үкім шығарды. Осыған байланысты апелляциялық шағым берілді.

Тергеудің барлық мәліметтері зерделеніп, Нұржан Көлбаев пен Әсел Садықова түрмеге қамалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы