Шымкентте трансформатор мен шағын дүкен өртенді

Шымкентте трансформатор мен шағын дүкен өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Темірлан тас жолы бойындағы "Автонұр" аялдамасының артында болған.

Куәгерлер күндізгі 14:48-де төтенше жағдайлар қызметіне хабарласқан.

Өрт 15.01-де ауыздықталып, 15:06-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы