Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған ойынхана анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше кешке Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған ойынхана анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші АПБ қызметкерлері Еңбекші ауданы аумағына тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында Ш. Уәлиханов №223 үйде орналасқан «Титан» ойынханасы карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Сонымен қатар «Ashyq» бағдарламасына тіркелмей, сағат 23:00-ден кейін келушілерді қабылдауда. Қызметкерлері ойынхана ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен. Анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, түсініктеме алынды.
Полиция қызметкерлері Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарына құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.