7 Шілде 2024 2024, 13:07 Фото: Архив BAQ.KZ

Шымкентте төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Шымкентте үшінші қабаттың терезесінен төрт жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте үшінші қабаттың терезесінен төрт жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 6 шілдеде Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған.

Бала дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа.

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды, олардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтауды ескертті.