Шымкентте тонаушы әйелдің мойнындағы алқасын жұлып әкеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мегаполистің әл-Фараби ауданында түнгі сағат 22:00 шамасында бейтаныс адам жас әйелге шабуыл жасаған, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасы.
Тонаушы әйелдің мойнынан қымбат алтын алқаны жұлып алып, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Орын алған жайт туралы жәбірленуші полицияға хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, әл-Фараби АПБ-на жеткізді. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балқашта жаңа жылу магистралі болады
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы