Шымкентте "Тіршілік" фотокөрмесі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте әуесқой фотограф-тілші Әйгерім Бегімбет пен Шыңғыс Әбдіразақтың "Тіршілік" атты фотокөрмесі өтіп жатыр.
"Фотокөрмеде Түркістан облысының ауылдары, тұрғындары және проблемаларынан хабардар ететін 50-60 фотосурет қойылған. Фотокөрме өмірден ерте озған талантты фотограф Қанат Дарханға арналады. Көрмеде Қанат Дарханның да фотосуреттері қойылады" - дейді ұйымдастырушылар.
Фотокөрмені АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды.
Көрме Шымкент қаласындағы City Shopping Galleryде өтіп жатыр. Фотокөрме 8 қазанға дейін жалғасады. Сағат 10.00 мен 20.00 арасында барып тамашалауға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеңіс Қасымбек: Қызылорда-Жезқазған жолы жаңартылады
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы