Шымкентте «Таза тамыз» профилактикалық рейді ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы аясында «Таза тамыз»профилактикалық іс-шарасы өтті.Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба жүргізілушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.
Іс-шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңесінің, сондай-ақ, қалалық Полиция департаменті мен Арнайы мониторингтік топтың өкілдері қатысты.
«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықты жою тек мемлекеттік аппаратта ғана емес, әрбір қазақстандықтың санасында да жүйелі өзгерістерді талап етеді. Сондықтан, біздің бастамамыз бойынша полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер арасында «пара беру заңмен жазаланады» деген сөздерді айтуда. Бұл арқылы қаланың әрбір тұрғынына сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілікті жеткізгіміз келеді.
Іс - шара барысында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дайындаған жүргізушілерге арналған арнайы жадынамалар таратылды.
Жобалық кеңсе ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті мен полиция департаментімен осы тұрғыдағы рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.