Шымкентте тағы бір тұрғын алабы газдандырылды
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандыруға бастау берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұрғындар осыған дейін сұйытылған газды күнделікті қолданып келген.
Газ құбырының құрылысы 2022 жылы басталған. Қала әкімі халықты сапалы қызметпен қамтуда жауапты тұлғаларға газ құбырын ерте кезеңде пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды.
Айта кетейік, бүгінде абоненттердің 60% - көгілдір газға қол жеткізді, ал 40% - ы биыл қараша айының соңына дейін қосылады. Тұрғындар қазірден қосылуға өтініш бере алады.
Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай, Бозарық және Көктөбе шағын аудандарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қараша айында қысқы спорт түрлерінен қандай жарыстар өтеді?
Келесі жаңалық
Сирияға бір күнде 4300 ливандық босқын өтті
Өзгелердің жаңалығы