Шымкент тұрғындарына «Halyk-saulet» жүйесі арқылы қызмет көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент  қаласындағы  жер, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 19 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінде оның барлығы да электронды түрде жүргізіліп отыр. 

Электрондық жүйе арқылы жылжымайтын мүлікке нөмер беру, оны нақтылау және жою қызметтері толықтай автоматтандырылды. 

Бұған дейін бұл қызметті тұрғындар 6 жұмыс күні ішінде алып келген. Қазір электронды бағдарламаның арқасында жарты сағат көлемінде алу мүмкіндігі туып отыр. Биыл 8 айда «нalyk-saulet» жүйесі арқылы азаматтарға 7 500 мемлекеттік қызмет көрсетілді, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, халықтың тарапынан ең үлкен сұранысқа ие сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру қызметі (АПЗ)  автоматтандырылды. Былтыр осы қызметті алу үшін 17 жұмыс күні қажет болса, қазір 3 жұмыс күні ішінде алуға мүмкіндік бар. 

Айта кетейік, АПЗ-ны алу кезіндегі талап етілетін табиғи монополия субъектілерінің техникалық шарттарын өткен жылы 15-20 күнде алатын. Автоматтандырылғаннан кейін бұл қызмет түрін де  2 жұмыс күні ішінде алуға болады.





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы