Шымкентте студенттің өліміне қатысты күдіктілер қамауға алынды
Шымкентте 1-курс студентінің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Полиция қызметкерлері мәлімдегендей, бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы («денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Соның салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер көмек көрсетіп үлгермеген.
Іс бойынша екі күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері Астанада қар жауады – Қазгидромет
Өзгелердің жаңалығы