Шымкентте скутер тізгіндеген жүкті әйел жол апатына түсті

Шымкентте скутер мінген жүкті әйел жол апатына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 тамызда Төреқұлов пен Елшібек батыр көшелерінің қиылысында Daewoo Nexia мен скутер соқтығысты.

Скутерді жүкті келіншек жүргізгені мәлім болды. Жедел жәрдем зардап шеккен әйелді оқиға орнынан алып кетті. Nexia жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты.

Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы