Шымкентте скутер тізгіндеген жасөспірім опат болды

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қараша күні сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. 

Салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы