Шымкентте сирек кездесетін дертке шалдыққан балаға ота жасалды

Шымкент қалалық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігерлері Түркістан облысы Мақтарал ауданының 5 жасар тұрғынына «Мойя-мойя» ауруы бойынша операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл қаңтар айында бала жолдама бойынша қалалық балалар клиникалық ауруханасының консультациялық-диагностикалық блогына нейрохирург дәрігермен кеңесу үшін келген. Анасының айтуынша, оның баласы бас ауруына, жиі бас айналуына, оң жаққол-аяғының әлсіздігіне шағымданған. Диагнозды растайтын қосымша МРТ зерттеуі жүргізілді.

Тамырлық нейрохирургия бойынша жоғары білікті маман Еркін Жұмағұлұлымен бірге балаға «Мойя-мойя» диагнозы қойылып, жоспарлы түрде жедел ем жүргізу ұсынылған.

Күрделі операция 4 сағаттан астам уақытқа созылды, нейрохирургиялық микроскоптың көмегімен «Мидың сыртқы – ішкі тамырларының анастомозы (сыртқы ұйқы артериясының маңдай тармағы мен М4 сол жақтағы ортаңғы ми артериясының арасындағы экстра-бассүйекішілік микроваскулярлық анастомоз) туындаған.

Мойя-мойя ауруы – сирек кездесетін ауру. Бұл мың баланың бірінде кездеседі. Аурудың дамуына байланысты мидың қан тамырлары бітеліп, инсультке әкелуі мүмкін. Пациенттің өміріне қауіп төндіретін осындай аурумен мүгедек болу қаупі басым болады. Біз операция кезінде мұндай қауіптің алдын аламыз, мидың бітелген тамырларын хирургиялық жолмен емдейміз, - дейді бас дәрігердің хирургиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Ержан Ерманұлы.

Нейрохирургтер құрамындағы мамандар тобы - Е. Медетов, Т.Абдуллаев, анестезиолог Б. Алменов операцияны сәтті жүргізді, енді кішкентай пациент шығаруға дайындалуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы