Шымкентте шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.
Материалдық сыйақыға қаражатты қолма-қолға ақшаға айналдыра отырып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, ешқандай қызмет көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазумен айналысқан 8 тұлғадан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз қызметін анықталды, - делінген хабарламада.
Тергеу барысында қылмыстық топтың 2017-2020 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға 7,7 млрд теңгеден астам салықтан жалтару мақсатында жалған шот-фактура жазу бойынша қызметтер көрсеткені белгілі болған.
ҰҚТ мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 28-б. 3-б., 216-б. 3-б., 262-б. 1 және 2-б., 241-б., 24-б. 3-б., 190-б. 3-б. сәйкес қылмыстық іс сотқа жолданды.