Шымкентте шетел азаматы қылмыс үстінде ұсталды

Шымкентте шетелдік есірткі қоюшы қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық ПД мәліметінше, ер адамнан аса ірі мөлшерде синтетика тәркіленді.

Оны полицейлер Қаратау ауданының аумағында арнайы рейдтік іс-шаралар барысында ұстады.
Тексеру барысында Өзбекстан азаматынан 15 орама мефедрон табылды. Тәркіленген психостимулятордың салмағы 20 грамға жуық. Ұсталған азаматтың интернеттен «жұмыс» тауып, екі ай бойы қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал, жасырын орындар туралы ол мессенджерде бөлісіп отырған, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда шымкенттіктерді есірткімен улауға айтарлықтай үлес қосқан ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы