Шымкентте шектеу шаралары ұзартылды
Алматы, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қала аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға өзгерістер енгізді.
Аталған түзетулерге сәйкес Шымкент қаласы аумағындағы шектеу шаралары 11 қаңтарға дейін ұзартылды.
Осылайша бұған дейінгі қаулы өз күшінде қала бермек. Олардың қатарында: адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салу, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруін шектеу, қалада жүріп, тұру бойынша маска кию талаптарын сақтау және тағы басқалары бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы