Шымкентте шала туған нәрестенің денесін аурухана алдына тастап кеткен

Құқыққорғау органдары баланың анасын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ztb_qaz телеграм арнасындағы мәліметке сәйкес 7 мамырда сағат 21:30 шамасында белгісіз әйел Шымкенттегі №2 облыстық перинаталдық орталықтың алдына шала туған баланың денесін қорапқа салып тастап кеткен. Сондай-ақ қорапта хат қалдырылған. Бірақ онда не жазылғаны жария етілмеді.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың дамуы төрт айға сәйкес келеді. 

Кейіннен әйелдің ұсталғаны белгілі болды. Дегенмен баланың әкесі кім екені белгісіз.

Қазір қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы