Шымкентте шахматтан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Жарыста алдағы әлем және Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осылайша, 6 жасқа дейінгілерден (ол тәжірибелік сипатта болды) басқа жастағылар арасында классика, блиц және рапидтен чемпионат мықтыларды іріктеді.
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймын. 600-ден астам қатысушылардың арасынан үздік шығу – тамаша нәтиже. Ол күнделікті жұмыс, талант, мінез және, әрине, осы керемет ойынға деген асқан қызығушылықтың арқасында мүмкін болды. Әрбір ірі турнирдің түрлі өңірлер мен мектептердің атынан шығатын жаңа есімдерді ашатыны қуанышты. Бұл – шахмат спортын дамытудың маңызды кепілі және біздің алған бағытымыздың дұрыстығын көрсетеді. Күні ертең-ақ біріншілік жеңімпаздары халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан бақ сынайды, әлемдік біріншіліктерде ел намысын қорғап, жоғары орындар үшін күреседі. Барлық балаларға жаңа спорттық жетістіктер мен жақсылық атаулыны тілеймін, - деді чемпионатты қорытындылаған Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Классикалық шахматтан жарыс қорытындылары:
6 жасқа дейінгі ұл балалар: 1. Әбділ-Мәлік Қайрат (Астана) 2. Мейірхан Айтмұханов (Алматы) 3. Санжар Ермек (Атырау облысы).
6 жасқа дейінгі қыздар: 1. Асылым Жұбатқан (Астана) 2. Альнура Шынбаева (Алматы) 3 Софи Парк (Алматы).
8 жасқа дейінгі ұлдар: 1. Нұрмұхамед Елемес (Алматы) 2. Ризат Ұлан 3. Альмир Альтаир (Астана).
8 жасқа дейінгі қыздар: 1. Алиша Бисалиева (Астана) 2. Амира Шоманова 3. Лейла Ким (Алматы).
10 жасқа дейінгі ұлдар: 1. Әлімжан Жауынбай (Астана) 2. Нұрали Болашақов (Алматы) 3. Рахым Мақсатұлы (Алматы).
10 жасқа дейінгі қыздар: 1 Әлия Жұмабаева (Павлодар облысы) 2. Милана Филиппова (Алматы) 3. Елизавета Ледникова (Астана).
12 жасқа дейінгі ұлдар: 1. Ернұр Ержанұлы (Қызылорда облысы) 2. Марк Смирнов (Алматы) 3. Сүлейман Ахмет (Павлодар облысы).
12 жасқа дейінгі қыздар: 1. Ханзада Аманжол (Ақтөбе облысы) 2. Далия Диасқызы (Алматы) 3. Әлима Өмірсерік (Алматы облысы).