Шымкентте сауда орындарында өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды

Астана, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарды электрондық үкімет порталымен белсенді пайдалануға тарту мақсатында биыл 22 қаңтардан бастап Шымкенттің халық көп шоғырланған, «Қырғы» және «Айна» сауда базарларында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істей бастады.

Аталған жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының белсенді қатысуымен іске қосылды.

Департамент басшысы атап өткендей, осы тұрғыдағы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қаладағы барлық мемлекеттік органдар, университеттер және колледждер, мектептерде жұмыс істеуде.

«Бұл қызмет бұрыштары – халық көп шоғырланған жерлерде ұйымдастырылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифралық қолтаңбаны қажет етпейтін көп сұранысқа ие анықтамаларды алу кезінде ұзақ кезектілікті болдырмау мақсатында қызмет етеді.

Аталған қызмет көрсету бұрыштарында ХҚКО арнайы мамандар бекітіліп, азаматтарға «Электронды үкімет» порталы және телеграм мобильдік қосымшасы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы насихаттық жұмыстар жүргізілуде» - деді Әли Көмекбаев.

Бүгінгі күні электрондық үкімет порталы арқылы 500-ден астам электрондық қызмет қол жетімді.

Бұдан бөлек, қаламыздың «Самал базары», «Бекжан базары», «Тұлпар автобөлшек базары» және «Авто-Нұр базары» сауда орындарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу жоспарлануда.

Осылайша қаламыздың халық көп шоғырланған жерлерде азаматтардың цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға және азаматтар мен шенеуніктердің тікелей жолығуына мүмкіндік бермеуге өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары өз септіктерін тигізетініне кәміл сенімдіміз.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы