Шымкентте садақ атудан республикалық турнир басталды

Сұрмергендер сайысы. Шымкентте садақ атудан ашық респбуликалық турнир басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар және Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей сияқты елдердің де өкілдері қатысып жатыр. Бас-аяғы 150-ге жуық мерген 4 күн бойы өзара мықтыны анықтайды.  Байрақты бәсеке ерсектер және жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. 

Алғашқы жарыс күні 70 метрден нысананы көздеу бойынша іріктеу сындары болды. Қатысушылар жекелей, командалық  және олимпиадалық айналым бағыттары бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салады. 

Айта кетейік, жарыс садақ атудың кулассикалық жәіне блоктық түрлері бойынша өткізілуде. Ал оның жалпы қорытындысы 26-шы наурызда белгілі болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы