4 Қазан 2025 2025, 01:21 Фото: olympic.kz

Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді

Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Қазақстан құрамасының көшбасшылары қатысады. Атап айтқанда, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Роксана Юнусова, Виктория Лян және Адель Жексенбинова сынға түседі.

Жарыс 6-10 қазан аралығында өтеді. Жүлделер блоктық және классикалық садақ атудан сарапқа салынады.