Шымкентте ретсіз сауда жүргізген тұрғын анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте ретсіз сауда жүргізген тұрғын анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері аудан аумағында заңсыз сауда жасаушыларға кезекті рейдтік іс-шараларды жүргізді.
Рейд барысында аудан аумағындағы жол бойында белгіленбеген орында сауда-саттық жасап жатқан адам анықталды.
Ретсіз саудамен айналысып жатқан адамға ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторлары заңсыз саудамен айналысып жүрген азаматқа профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы