Шымкентте қымбат көліктердің кортежі жол ережесін бұзған
Шымкент полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында мегаполис көшелерінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік кортежі түсірілген видеоны анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кортежге қатысушылардың барлығы, атап айтқанда 17 шетелдік автокөлік иелері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде, Toyota Camry автокөлігінің 3 жүргізушісіне, Land Cruiser 200 автокөлігінің 5 тізгіндеушісіне, Lexus-тің екі және Kia көлігінің екі жүргізушісіне, сондай-ақ Mersedes Benz және Jac автокөліктерінің тізгіндеушілеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы бойынша хаттама толтырылды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы "Маневр жасау ережелерін бұзу" және әйнектерді күңгірттегені үшін 590-бабы "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша екі Toyota Camry жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында қылмыстан зардап шеккендер ақшалай өтемақы алды
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы