Шымкентте қылмыстық топтар ұсталды

11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің мәліметі бойынша, олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған.

Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына 35 фигурант жеткізілді. 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкентте қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару тәркіленді, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы