Шымкентте қылмыстық топ ұрланған ақшаны аударуға арналған карта ашқандарға ақы берген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
Мәселен, биылғы наурыз айында Шымкент қаласында азаматтарға ақша беріп банктік карталарды ашқызып, оларға ұрланған ақшаларды аударып, шешіп алып отырған қылмыстық топ анықталып, ұсталды. Өткен аптада Қарағанды облысы Полиция департаменті ұрланған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан Қарағанды қаласының екі тұрғынын ұстады, қаражаттың бір бөлігі халықаралық аударым жүйелері арқылы серіктестеріне аударылып отырған, - деді ол.
Ол атағандай, осыған ұқсас қылмыстар Алматы қаласында да ашылды.
Ұсталғандардың барлығы тұтқындалып, тергеуде жатыр.Осыған байланысты қылмыстық схемаларға қатысқаны және заңсыз қаржы аударымдарын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескерткім келеді, - деді ол.
Олар:
-азаматтар өздерінің жеке деректерін, пластикалық карталардың реквизиттарын ешкімге хабарламауы қажет;
-аударымдар туралы кодтар мен құпия сөздерді өздерін банк өкілдері не полиция қызметкерлері ретінде таныстарған адамдарға бермеу және осындай жағдай орын алса, дереу тұтқаны қойып, өздері банктің Колл-орталықтаарына не полицияға тікелей хабарласқан жөн.
-белгісіз және тексерілмеген сайттар мен басқа да дереккөздерге жеке деректерді енгізбеу қажет.
-тексерусіз алдын ала төлем жасауға асықпаған жөн. Сатушымен тауарды алғаннан соң ғана төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз;
-мобильдік қосымшаларды орнату үшін тек ресми App store, Play market және т.б. көздерін пайдаланыңыз;
-сізге төлем жасау үшін жіберілген сілтемелерді немесе белгісіз байланыстардан жолданған СПАМ-жіберілімдерді ашпаңыз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік сілтемелерге өтуді ұсынады;
-банкинг қызметтеріне қол жеткізу үшін құпия кодтарды үнемі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз.
-есеп-шоттағы ақша қозғалысын жиі тексеру қажет. Мұндай шаралар алаяқтықтан аулақ болуға және өз ақшаларын сақтап қалуға көмектеседі.