7 Мамыр 2025 2025, 21:24 Фото: ТЖМ

Шымкентте құтқарушылар 4 жыланды ұстады

Шымкент қаласындағы жеке үйдің тұрғындары 112 пультіне үйлерінде жыланның жүргенін мәлімдеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар шақырту орындарына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен 4 рептилияны ұстап алып, ыдысқа салып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен қауіпсіз жерге жіберді. 

ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.